2018 жылдың 19 сәуір күні Павлодар инновациялық көп профильді колледжінде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы- Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі іске асыру жолдары » тақырыбында Х  облыстық колледжаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  өткізілді. Конференцияның мақсаты- студенттердің кәсіби деңгейін, азаматтық белсенділігін жоғарылату ,қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Конференцияда 19 оқу орнынан барлығы- 78 адам  қатысты. Конференция экономикалық,  құқық , қоғамдық-әлеуметтік, гуманитарлық-педагогикалық, жаратылыстану-математикалық  секция бойынша өткізілді.