Жаңалықтар

Педагогикалық апталықтың аясында, бүгін апталықтың жабылуының қорытынды концерті  өткізілді. Апталыққы белсенді қатысқан студенттер мен топтар  грамота және алғыс хаттармен марапатталды.  

 

 

      2018 жылдың 19 қазанында  Павлодар инновациялық көп профильді колледжінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өзге этностық топтардың арасында мемлекеттік тілді білуіне арналған конкурс бойынша «Асыл сөз» сайысы өткізілді.          Сайыскерлерді бағалауға қаламыздың  «Нұр ана әлемі»  қоғамдық бірлестігінің төраймының орынбасары Тулебаева Гульнара Сулейменова, «Нұр ана» әлемінің қоғамдық бірлестігінің мүшесі Сарсенбаева Астерхан Шойынбаевна және ұлттық жаңғыру мектебінің қызметкері Сағатова Әлия Қайырбайқызы келіп қазылық етіп қана қоймай, өздерінің өнерлерімен де бөлісіп кетті, ағылшын тілінде ән айтып студенттердің қызығушылығын арттырса,  студенттердің рухын көтеретін ән мен өлең оқып сайысымызды одан сайын әрлендіре түсті.

Сайыстың қорытындысы бойынша

1 орын – Шевчук Кристина

2 орын- Лопушинский Виталий  

3 орын – Бишель Диляра 

 

  

 

 

Бүгін біздің колледжімізде "Тіл достықтың құралы" атты Тілдер фестивалі өтті.

 

 

 

 

   

Бүгін біздің колледжде сағат 11-00 "Мың бала" республикалық мәдени ағарту жобасы аясында "Астана - бейбітшілік бесігі" тақырыбында студенттер мен оқытушылар жалпықазақстандық ашық диктант жазуға қатысты.

 

 

     

2018 жылдың 30 мамыр айында «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша оқитын біздің колледж студенттеріміз Байбахина Мадина және Рахметнаби Насипа «Болашақ алғашқы ұстаз» атты облыстық байқауына қатысты. Байқау Павлодар гуманитарлық –педагогикалық колледжінде өткізілді.

         3-ші курс студенті Байбахина Мадина  2-ші орын жүлдегері атанды.

         2-ші курс студенті Рахметнаби Насипа қатысқан үшін сертификат алды.

 

         2018 жылдың 19 сәуір күні Павлодар инновациялық көп профильді колледжінде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы- Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі іске асыру жолдары » тақырыбында Х  облыстық колледжаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  өткізілді. Конференцияның мақсаты- студенттердің кәсіби деңгейін, азаматтық белсенділігін жоғарылату ,қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Конференцияда 19 оқу орнынан барлығы- 78 адам  қатысты. Конференция экономикалық,  құқық , қоғамдық-әлеуметтік, гуманитарлық-педагогикалық, жаратылыстану-математикалық  секция бойынша өткізілді.