Мың бала

2018 жылдың 19 қазанында Павлодар инновациялық көп профильді колледжінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өзге этностық топтардың арасында мемлекеттік тілді білуіне арналған конкурс бойынша «Асыл сөз» сайысы өткізілді.
Сайыскерлерді бағалауға қаламыздың «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төраймының орынбасары Тулебаева Гульнара Сулейменова, «Нұр ана» әлемінің қоғамдық бірлестігінің мүшесі Сарсенбаева Астерхан Шойынбаевна және ұлттық жаңғыру мектебінің қызметкері Сағатова Әлия Қайырбайқызы келіп қазылық етіп қана қоймай, өздерінің өнерлерімен де бөлісіп кетті, ағылшын тілінде ән айтып студенттердің қызығушылығын арттырса, студенттердің рухын көтеретін ән мен өлең оқып сайысымызды одан сайын әрлендіре түсті.

Сайыстың қорытындысы бойынша
1 орын – Шевчук Кристина
2 орын- Лопушинский Виталий
3 орын – Бишель Диляра