ХІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2019 жылдың 14 мамыры Павлодар инновациялық көп профильді колледжінде Павлодар облысының білім беру басқармасы қолдауымен, жастар жылына арналған «Жастар-өңірдің инновациялық дамуының тірегі» тақырыбында ХІ облыстық колледжаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты- студенттердің кәсіби деңгейін, азаматтық белсенділігін жоғарылату ,қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.
Конференцияда 15 оқу орнынан барлығы- 77 адам қатысты.
Конференция экономикалық, құқық , қоғамдық-әлеуметтік, гуманитарлық-педагогикалық, жаратылыстану-математикалық секция бойынша өткізілді. Секциялардың жетекшілігіне Сулейменов Мурат Алибаевич – Инновациялық Еуразия Университетінің «Заң» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Койшин Дидар Бауржанович – Павлодар қаласының желілік полицияның әкімшілік бөлімінің аға инспекторы, Кайдагулова Дамкен Салахиденовна- Павлодар қаласының №7 ЖОББМ менеджмент сұрақтары бойынша директор орынбасары, Норпеисова Гульнар Камзиновна- Павлодар қаласының №44 балабақшасының директоры, Акказенова Жанат Куанбековна – Тоо ihsa groupkz, Тоо ihsa trade kz фирмасының бас бухгалтері шақырылды.
Ұсынылған материалдар бойынша экономикалық секцияда 1 –ші орынды Павлодар бизнес колледжінің студенті- Исаков Султан, 2-ші орынды Хациева Райана – Казтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінің студенті және Балташ Сунгат – Павлодар бизнес колледжінің студенттері бөлісті, 3-ші орынды Әміртай Диас – Павлодар бизнес колледжінің студенті және Павлодар иннновациялық көп профильді колледжінің студенттері- Шеметова Анастасия және Исадилова Анна алды.
Құқықтық секцияда 1-ші орынды Павлодар иннновациялық көп профильді колледжінің студенті -Адамова Гульден, 2-ші орынды Ақжігіт Алтынбек – Павлодар көлік және коммуникациялар колледждің және Жумкенова Даяна- Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің студенттері, 3-ші орынды Кайруллова Диляра- Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің және Любич Валентина –Павлодар гуманитарлық колледжінің студенттері иеленді.
Гуманитарлық-педагогикалық секцияда 1-ші орынды Павлодар иннновациялық көп профильді колледжінің студенттері – Қабдулманат Айсара және Серік Аяулым ие болды, 2-ші орынға Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің студенті- Бейсенова Жансая және Павлодар басқару жоғары колледжінің студенті- Бондарева Дарья иеленді, 3-ші орынды Павлодар инновациялық көп профильді колледжінің студенттері -Қизат Аружан және Оразалиева Мадина бөлісті.
Жаратылыстану-математикалық секциясында 1- ші орынға Рыспаева Дина -Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің студенті ие болды, 2-ші орынға Егорова Диана – Ақсу қара металлургия колледжінің студенті және Ибраева Карина – Павлодар инновациялық көп профильді колледжінің студенті ие болды, 3- ші орынды Алпысбаева Аружан- Ақсу қара металлургия колледжінің студенті және Раскулова Индира – Павлодар инновациялық көп профильді колледжінің студенттері студенттері алды.
Қоғамдық-әлеуметтік секциясында 1-ші орынды Павлодар инновациялық көп профильді колледжінің студенті – Садыкова Румия иеленді, 2-ші орынға Қаратй Айсана – Павлодар инновациялық көп профильді колледжінің студенті және Жанабердинов Куаныш – Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжінің студенті иеленді, 3-ші орынға Ференс Александра Павлодар сервис және тамақтандыру колледжінің студенті, Балтабаев Ислям – Павлодар машинажасау колледжінің студенті ие болды.
Жеңімпаздар 1,2,3, дәрежелі дипломдармен марапатталды. Қатысушылардың барлығына белсенділік танытқандары үшін сертификаттар берілді және конференцияға жеңімпаздарды дайындаған жетекшілерге алғыс хат табыс етілді.