Филология пәндері бірлестігі

Бүгін біздің колледж қабырғасында филология пәндері бірлестігінің «Көптілді тұлғаны қалыптастыру-бәсекеге қабілетті қоғам құрудың негізі» тақырыбында отырыс өтті. Оқытушылар ТжҚБ беру орындарында көптілді білім беруді іске асыру мәселелері бойынша баяндамалар оқыды. Отырысқа «ИнтерРесСредняяАзия» ЖШС бас директоры Джефри Уитни қатысты. Ол ағылшын тілін үйренуге арналған DynEd бағдарламасының презентациясын жасады.